Categories Жайық news

Суық қарудың заңсыз айналымына тосқауыл қою шаралары күшейтілді

Бас көлік прокуратурасы суық қарудың, оның ішінде кастеттердің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың (ҚР ҚК-нің 287-бабы) алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізуде.

Тергеу амалдары көрсеткендей, күдіктілер тыйым салынған заттарды интернет-дүкендер арқылы сатып алған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетімен бірлесе отырып, «Satu.kz» маркетплейсінің суық қару жарнамасын орналастырғаны анықталып, ол ҚР ӘҚБтК-нің 455-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Интернет-алаңдар үшін мұндай жарнаманы орналастырғаны үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған, сондай-ақ тыйым салынған контентті бұғаттау шаралары қабылдануда.

Көлік нысандарында — әуежайлар мен теміржол вокзалдарында — қылмыстық жауаптылық туралы плакаттар мен баннерлер орналастырылып, тыйым салынған заттарды өз еркімен тапсыруға арналған жәшіктер орнатылған.

Бас көлік прокуратурасы азаматтарға ескертеді: суық қаруды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қылмыстық жауаптылыққа, ал жарнаманы орналастыру әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Суық қаруды (соның ішінде кастетті) өз еркімен тапсырған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Ұшу немесе жолға шығу алдында жүк пен жеке заттарды мұқият тексеру ұсынылады.

Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1195430?lang=

Ұқсас жазбалар

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды  

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды. Батыс Қазақстан облысы мен Ляонин провинциясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға…

Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті   

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысы Сюй Куньлиньмен кездесті. Қос…