Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті: полиция мән-жайды айтты

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің ауласында екі жасар баланы көлік қағып кетті. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бала аулада ойнап жүрген кезде жүк көлігінің дөңгелегі астында қалған. Жүргізуші дереу тоқтап, көмек шақырған.

«Баланы ауруханаға жеткізді, жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр», — деді Астана полиция департаментінің өкілі.

Полиция ата-аналарды балаларды аулада қараусыз қалдырмауға шақырады. Жүргізушіге қатысты іс қозғалды ма, әзірге белгісіз.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев: Құрылтай сайлауында ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлыққа қол…

Тоқаев: «AMANAT» пен «ӘДІЛЕТ» бірігуі реформаларға серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» пен «ӘДІЛЕТ» партияларының бірігуін қолдап, бұл реформаларға жаңа серпін беретінін…

Президент: Құрылтайдың басты мақсаты – Әділетті Қазақстан құруға атсалысу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» тұжырымдамалары мен…