Шахтинскіде жарылыс: тұрғындарды құтқарған бес полицей марапат алды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, өрт шыққан кезде адамдарды құтқарған бес полицейге марапат табысталды. Олар төтенше жағдайда батылдық танытып, бірнеше адамды аман алып қалды.

«Қызметтік борышын өтеу кезінде ерлік көрсеткендері үшін бес полиция қызметкері ведомстволық наградаларға ие болды», — деді ІІМ өкілі.

Жарылыс Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына алдымен жеткен полицейлер тұрғындарды эвакуациялап, өрттің таралуына жол бермеген.

Ұқсас жазбалар

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…