Categories Жайық news

Қазақстанда газ есептегіштер тегін ауыстырылады: «Ақылды» құрылғылардың ерекшелігі неде?

Қазақстанда газды есептеудің жаңа жүйесі енгізілмек: тұрғындардың үйіндегі ескі есептегіштер деректі қашықтан жіберетін «ақылды» құрылғыларға ауыстырылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қазір Мәжіліс осындай жаңа есептеуіш құралдарына көшу туралы заң жобасын қарап жатыр. Бүгінде абоненттердің тек 5 пайызы ғана «ақылды» есептегішті пайдаланады, ал қалғаны көрсеткіштерді ай сайын қолмен тапсыруға мәжбүр.

Тұтынушылар үшін ең басты жаңалық – жаңа құрылғылар тұрғындардың емес, газбен жабдықтаушы ұйымдардың қаражатына орнатылады. Бір есептегіштің құны шамамен 37 мыңнан 55 мың теңгеге дейін жетеді.

Бұл жобаны қаржыландыруды «QazaqGaz Aimaq» пен ұлттық оператор «QazaqGaz» өз мойнына алады. Сонымен қатар процестерді цифрландыру арқылы үнемделген қаражат та осы мақсатқа жұмсалмақ.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, нарықта қажетті көлемде құрылғы шығаруға дайын бірнеше отандық өндіруші бар.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.