Categories Әлем

Эбола қаупі: шетелден келгендер денсаулығын қадағалауы керек

Сурет: Aikyn.kz

Шетелге сапар шегетін қазақстандықтарға Эбола індетінің таралу қаупіне байланысты ескерту жасалды. Мамандар шетелден оралған соң денсаулық жағдайын мұқият бақылауға шақырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Эбола вирусы Африканың бірнеше елдерінде қайта тіркелген. Мамандар індеттің жаһандық таралу қаупін жоққа шығармайды.

«Шетелге шыққан азаматтар Эбола белгілерін білуі керек. Қайтып келгеннен кейін 21 күн бойы дене қызуын өлшеп, денсаулығын қадағалау маңызды», – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі.

Эбола вирусының алғашқы белгілері – қызба, бас ауруы, бұлшықет ауруы және әлсіздік. Кейінгі сатыларда қан кету және ішкі ағзалардың зақымдануы байқалады. Жұқтыру қаупін азайту үшін дәрігерлер жеке гигиенаны сақтап, науқас адамдармен байланыстан аулақ болуға кеңес береді.

Қазақстанға Эбола вирусының енуіне жол бермеу үшін әуежайларда арнайы бақылау күшейтілген. Шетелден келген жолаушылардың денсаулық жағдайы тексеріліп, күдікті жағдайлар дереу хабарланады.

Ұқсас жазбалар

Әлемдік БАҚ-та Қазақстан: мұнай өндірісі, Нидерландпен келісім, инвесторларды қорғау және жолбарыстар

Әлемдік БАҚ-та Қазақстан туралы ақпарат көбейді: мұнай өндірісін арттыру, Нидерландпен 160 млн еуроға келісім, инвесторларды…

Цзянсу провинциясының өңірлік хабы Астанада жұмысын бастады

Астанада Қытайдың Цзянсу провинциясының Орталық Азиядағы орталығының ресми ашылу рәсімі өтті.

Гуанчжоуда Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Қытайдың Гуандун өлкесінің әкімшілік орталығында Қазақстанның Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығы ашылды.