Categories Жайық news

Атырау облысынан ұшқышсыз ұшақтың бөлшектері табылды: Полиция тексеруді бастады

Атырау облысында елді мекеннен тыс жерден ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттар табылып, полиция мен арнайы қызметтер тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, табылған нысан елді мекендерден алыс жерде жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл шекаралас аймақтарда тіркелген алғашқы жағдай емес. 26 наурызда Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында да осындай ұшақ сынықтары табылған болатын. Ал ақпан-наурыз айларында БҚО аумағында тағы төрт аппараттың құлағаны белгілі болды.

Қорғаныс министрлігі БҚО-да табылған дрондардың басым бөлігі Ресей Федерациясының 926-бас ұшу-сынақ орталығының полигоны аумағына құлағанын түсіндірген еді. Ведомствоның хабарлауынша, бұл әуе кеңістігін ресейлік әскерилер пайдаланады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…