Германия жаңа әскери міндет енгізу туралы заңды мақұлдады

Сурет:Usbanov

Германия Бундестагы елдегі әскери міндетті қайта енгізуге бағытталған жаңа заң жобасын қолдап дауыс берді. Құжатқа сәйкес, 2008 жылы және кейін туған барлық ер азаматтар міндетті түрде әскери есепке алынуы тиіс. Дегенмен әскери қызметке бару өз еркімен жүзеге асады.

Жаңа жүйе бойынша қызмет мерзеті кемінде алты айды құрайды. Әскери қызметкерлер айына салыққа дейін 2,6 мың еуро көлемінде жалақы алады. 12 айдан артық қызмет ететіндер үшін бірқатар қосымша әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған.

Германия 2011 жылы жалпыға бірдей әскери міндетті тоқтатқан еді. Қайта енгізілген жүйенің негізгі мақсаты — 2035 жылға қарай Бундесвер қатарын 255–270 мың әскери қызметкерге дейін ұлғайту. Қазіргі көрсеткіш бойынша қызметтегі әскери саны 184 мыңнан сәл асады. Сонымен бірге шамамен 200 мың резервист дайындау жоспары бар.

Ұқсас жазбалар

Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері LRT станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Астанадағы автотұрақта жас қызды алып қашпақ болған оқиға желіде талқылануда

Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының автотұрағында белгісіз біреулер жас қызды алып қашпақ болған. Куәгерлердің…

Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 8 маусымда ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Еліміздің басым бөлігінде найзағай, бұршақ,…