Categories Жайық news

Милан-2026: Қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы XXV Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 36 спортшы аттанады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл – Қазақстан тарихындағы Олимпиадаға қатысатын ең жас құрама. Спортшылардың орташа жасы – 25 жас. Ақ Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның мемлекеттік туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайлшы Аяулым Әмренова ұстап шығады.

Ұлттық құрама спортшылары мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру, фристайл (акробатика және могул), биатлон, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы сияқты спорт түрлері бойынша бақ сынайды.

Өкінішке қарай, жанкүйерлер көп күтетін шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары Олимпиада ойындарына қатыспайды. Ерлер құрамасы іріктеу кезеңінде Словакияға жол беріп, жолдамадан тыс қалды. Ал әйелдер командасы екінші іріктеу кезеңінен аса алмады. Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы бұған дейін 1998, 2002 және 2006 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан еді.

Қазақстанда Қысқы Олимпиаданы тікелей эфирде көрсету құқығын «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «Jibek Joly» телеарналары иеленген. Аталған төрт арна барлық жарысты бөліп көрсетеді. Телеарналардың Халықаралық олимпиада комитетінен трансляция құқығын қаншаға сатып алғаны әдеттегідей жарияланбайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…

Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті 

Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Бөкей Ордасы ауданының Хан ордасы ауылында «Bokei…

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.