Categories Спорт

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы ойынын өткізеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бүгін «Қайрат» футбол клубының түлегі, ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев алматылық клуб сапында соңғы ойынын өткізеді. Ол лондондық «Челси» командасына ауысар алдында «Қызылжарға» қарсы матчта алаңға шығады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қайрат» клубы бүгін сағат 19:00-де өз алаңында «Қызылжармен» кездеседі. Клубтың мәліметінше, ойыннан кейін Алматының Орталық стадионында Дастан Сәтпаевқа арналған қоштасу рәсімі өтеді.

«Біздің түлегіміз үшін бұл кездесу лондондық «Челсиге» ауысар алдындағы «Қайрат» сапындағы соңғы ойыны болмақ. Бұл түлегімізді сары-қара жейдеде соңғы рет көріп, оның мансабындағы жаңа кезеңге шығарып салудың соңғы мүмкіндігі», делінген хабарламада.

Лондондық клуб өткен жылы Дастан Сәтпаевты 4,3 миллион еуроға сатып алған болатын. Тараптар бес жылдық келісімшартқа қол қойған. Оның 2,4 миллион еуросы бірден төленсе, тағы 1,9 миллион еуросы әртүрлі бонустар түрінде төленбек. Бұл келісім ел футболының тарихындағы ең қымбат трансфер болып отыр.

Ұқсас жазбалар

Заңғар Нұрланұлы Уимблдон-2026 жасөспірімдер турнирінде жеңіспен бастады

18 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Уимблдон-2026 жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында жеңіске…

Әлем чемпионаты: Норвегия мен Бразилия, Мексика мен Англия 1/8 финалда кездеседі

Бүгін, 5 шілдеден 6 шілдеге қараған түні футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі 1/8 финал ойындары…

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

Бүгін түні футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилия, Норвегия, Мексика және Англия құрамалары күш сынасады.