Астанада қызметтік ит көліктен есірткі табуға көмектесті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Елордада Бакс есімді қызметтік ит қалаға кіреберістегі бақылау бекеттерінің бірінде тыйым салынған заттарды тасымалдау дерегін анықтауға және оның жолын кесуге көмектесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру кезінде көліктің алдыңғы жолаушы орындығынан өзіне тән иісі бар сұр түсті зат салынған бөтелке табылды. Бұл заттың гашиш екені анықталды.

Тыйым салынған заттың 40 жастағы иесі ұсталды. Табылған зат тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жыл басынан бері елордалық полицейлер қызметтік иттердің көмегімен тыйым салынған заттарды сақтау және тасымалдаудың 32 дерегін анықтады.

«Астанада есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Полиция азаматтарға есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді», делінген ақпаратта.

Ұқсас жазбалар

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…