Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент қос халық арасындағы достық пен өзара түсіністікті жоғары бағалайтынын, сондай-ақ Швециямен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

«Біздің елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың дамуына сіздің қосқан үлесіңіз зор. Сіздің тұсыңызда Қазақстан мен Швеция арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар жаңа деңгейге көтерілді», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев корольге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Ұқсас жазбалар

Аптап ыстықта көлікті өрттен қалай қорғауға болады?

Астанадағы Орхон көшесінде жеңіл көлік өртеніп, оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары…

Астанада жеңіл көлік өртеніп, өрт сөндірушілер оны сөндірді

Астанада жеңіл көлік өртеніп, өрт сөндірушілер оны сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Мемлекет басшысы Алжир Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен Алжир халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.