Categories Жайық news

Тоқаевқа Жапаров қоңырау шалды: Қырғызстан президенті референдумды жоғары бағалады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен шын жүректен құттықтады.

Қырғызстан президенті жаңа Конституция бойынша дауыс беру нәтижесі қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған елді саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытын толық қолдайтынын көрсететінін атап өтті. Мемлекет басшысы Садыр Жапаровқа қолдауы мен Қырғызстаннан келген байқаушылардың белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдіріп, конституциялық реформалар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын жеткізді.

Сонымен қатар тараптар қазақ-қырғыз көпжақты қарым-қатынасын одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты тереңдетуге мүдделі екендерін растады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…