Categories Қаржы

Теректі аудандық қазынашылық басқармасы БҚО-да үздік атанды

Кәсіби байқау аудандардағы қазынашылық басқармаларының жұмыс сапасын жақсарту, қызметкерлердің білім-білігін көтеру және заманауи инновациялық жұмыс тәжірибелерін енгізу мақсатында өткізілді.

Байқаудың міндеті – үздік аудандық басқармаларды анықтау, бюджеттік рәсімдерді орындаудың тиімділігін арттыру, қазынашылықтың жағымды имиджін қалыптастыру болды.

Байқауға қатысушылар мына критерийлер бойынша бағаланды. Олар: 2023-2024 жылдардағы жұмыстың нәтижелілігі мен тиімділігі; 2024 жыл ішіндегі кадр тұрақтылығы, ұжымның татулығы; басқарма ғимаратының ішкі-сыртқы жағдайы, стандарттарға сай жабдықталуы, мемлекеттік қызметшілердің келбеті оң имиджге сай болуы.

Сайыс нәтижесінде қатысқан 12 ауданның арасынан ең көп ұпай (202 ұпай) жинаған Теректі аудандық қазынашылық басқармасы суырылып алға шығып, байқау жеңімпазы атанды. Айта кету керек, аталмыш басқарманы ұзақ жылдардан бері тәжірибелі қаржы маманы Ұлан Сайтмұхаев басқарады. Ол кезінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті өткізген конкурста «Үздік мемлекеттік қызметші» атанған азамат.

Облыста топ жарған басқарманың жұмысы енді байқаудың республикалық кезеңіне жолданатын болады.

 

Ұқсас жазбалар

Астана мен Алматыдағы шетел валютасының бүгінгі бағамы

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы белгілі болды.

SpaceX IPO-сы 4 мыңнан астам қызметкерді миллионер етеді

SpaceX IPO-сы 4,4 мыңнан астам қызметкерді миллионер етеді, ал 400-ге жуық адам 100 миллион доллардан…

Астанадағы құрылыс дауы: күдікті неге бостандықта жүр

Астанадағы «KEN remont» компаниясына сеніп, миллиондаған теңге төлеген азаматтар ақшасын қайтара алмай жүр. Күдікті бостандықта…