Бейжіңде жеңіл моторлы ұшақ ең биік ғимаратқа соғылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытай астанасында жеңіл моторлы спорттық ұшақ Бейжіңнің ең биік ғимараты China Zun мұнарасына (биіктігі 528 метр) соғылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қытайда жасалған екі орындық Sunward SA60L Aurora ұшағы Шифоси әуежайынан ұшып шыққан. Белгісіз себептермен ол бекітілген бағытынан қатты ауытқып, зәулім үйдің жоғарғы қабаттарына соғылып, толықтай қираған.

Соққыдан жоғарғы қабаттардың панорамалық терезелері сынып, қасбет бөліктері төмен қарай құлаған. Ұшақтың үлкен сынықтары ғимараттың кіреберісі мен жолға түскен. Сынықтар құлаған жерде өрт шығып, қою түтін көтерілді.

Небәрі бірнеше минут ішінде мыңдаған қызметкерлер ғимараттан шұғыл түрде қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендердің нақты саны туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев германиялық бизнесті Қазақстан нарығына белсендірек қатысуға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады, деп хабарлайды…

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.