Елордада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсті

Сурет: istockphoto.com

Астанада балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны күрт артқан. Полиция департаментінің дерегінше, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен 311 жол апаты тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,4 пайызға көп. Оқиғалар салдарынан 412 бала жарақат алып, екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдарын әсіресе жас велосипедшілердің қатысуымен болатын апаттардың көбеюі алаңдатып отыр. Биыл мұндай 52 оқиға тіркеліп, көрсеткіш 20,9 пайызға өскен. Соның салдарынан бір бала қаза тапты. Полиция қала көшелерінде жасөспірім велосипедшілерді қағып кету деректерін мысалға келтірді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – балалардың жол қозғалысы ережелерін жеткілікті білмеуі, ата-аналардың салғырттығы, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі және велосипедтен түспей жаяу жүргіншілер өткелінен өтуі.

Тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін полиция әкімшілік бақылауды күшейткен. Жыл басынан бері 16 жастан асқан 70-тен астам жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 22 маусым күні Астана қаласы мен еліміздің 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.…

22 маусымда еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

22 маусымда Алматы, Талдықорған, Теміртау және Қарағанды қалаларында ауа сапасы нашарлайды деп күтілуде.

Қатардағы зауытта жарылыс болды, зардап шеккендер жоқ

Доха маңындағы Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағындағы зауытта жарылыс болды. Қатар ІІМ зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді,…