Categories Жайық news

Otbasy Bank салымшыларына 157 мың теңгеге дейін сыйлықақы төленеді: мерзімі белгілі болды

Отбасы банкінің салымшылары 2025 жылға арналған мемлекеттік сыйлықақыны 2026 жылдың 1 наурызына дейін алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Банк өкілдерінің хабарлауынша, ақша аударудың нақты күні әлі белгіленбеген, бірақ төлемдер әдеттегідей ақпан айында жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

2025 жылғы сыйлықақының ең жоғары мөлшері 157 280 теңгені құрайды. Бұл соманы алу үшін салымшы депозитті жыл ішінде кемінде 200 АЕК (786 400 теңге) сомасына толтыруы қажет. Ал 2026 жылы бонус мөлшері 173 000 теңгеге дейін өседі. Ол үшін шотты кемінде 865 000 теңгеге толықтыру керек болады.

Сыйлықақы бір салымшының тек бір шотына жылына бір рет қана есептеледі. Сондай-ақ, ол бұрын сыйлықақы төленген сомаға қайта берілмейді.

Мемлекеттік сыйлықақы — бұл азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында жинақтарын ынталандыру үшін мемлекет тарапынан берілетін жыл сайынғы бонус.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Жайық бойында 11 мың киік қырылды: себебі не?

Қазақстанда 26 мың киік қырылды, оның 11 мыңы Батыс Қазақстан облысында. Себебі – ауа райының…

Оңтүстікте су тапшылығы: лимиттер қысқарды, халық не істеуі керек?

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су тапшылығына байланысты су пайдалану лимиттері қысқартылды. Министрлік суды үнемдеуге шақырады.

12 мамырда ауа райы құбылмалы: Батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі

12 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі.