БҚО-да орын алған жол апатына байланысты комиссия құрылды

Батыс Қазақстан облысында 17 қараша күні Чапай–Жаңақала–Сайқын тас жолында орын алған қайғылы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен комиссия құрылды.

Құрамына облыс прокуроры, облыстық полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, салалық басқармалар басшылары және Жаңақала ауданының әкімі кірген жұмыс тобы оқиғаның толық әрі объективті тергеуін жүргізіп, зардап шеккендерге қажетті қолдауды қамтамасыз етеді.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қайғылы оқиғаға байланысты:
«Бұл – бүкіл өңіріміз үшін өте өкінішті жағдай. Ауыр қаза қаншама отбасына орны толмас қайғы әкелді. Зардап шеккендерге тиісті медициналық жәрдем беріледі, ал қаза тапқандардың отбасыларына Заң асында көмек көрсетілетін болады», – деді.

Әкім Жаңақала ауданының басшылығына қаза тапқандардың жерлеу рәсімін ұйымдастыруды, сондай-ақ зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсету тапсырылды.

Оқиға 50-шақырымдық учаскеде Toyota Camry мен Volkswagen Sharan автокөліктерінің соқтығысуы нәтижесінде орын алған. Соқтығысқан көліктердің бірі өртеніп, 8 адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар Жаңақала ауданының Мұқыр, Жаңақала, Қызылоба, Мәштексай ауылдарының және Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылының тұрғындары болып шықты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Комиссияның негізгі мақсаты – жол-көлік апатының себептері мен мән-жайын толық анықтау, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету және болашақта осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу болып отыр.

Сурет: pixabay

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Тұңғыш Президентті туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оның тарихи миссиясын атап өтті.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — егемен еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауында елорданы егемен еліміздің жүрегі деп атады.