Categories Жайық news

Серік Сәпиев пен Қанат Ислам Қазақстан бокс федерациясынан жаңа қызмет алды

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Қазақстан бокс федерациясында жауапты қызметтерге тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі лауазымына келді.

«Президент кеңесшісі ретінде Серік Сәпиев ұлттық құрамалардың нәтижесін жақсартумен, спортты жүйелі дамытумен және Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жету ісімен айналысады», – делінген ресми хабарламада.

Серік Сәпиев – Олимпиада чемпионы, әлемнің және Азияның екі дүркін чемпионы. Сонымен қатар ол боксшыларға берілетін ең беделді марапат – Вэл Баркер кубогының иегері. Бұған дейін спорт және мемлекеттік басқару саласында бірқатар басшылық қызмет атқарған.

Ал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 19 жасқа дейінгі боксшылардан құралған Қазақстан жастар құрамасының үйлестірушісі болып бекітілді.

«Қанат Ислам Қазақстанның жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, олардың әлемдік аренадағы нәтижелерін жақсартуға үлес қосады», – деп атап өтті федерация өкілдері.

Қанат Ислам – кәсіпқой рингте WBA Fedecaribe тұжырымы бойынша чемпион атанған боксшы. Әуесқой бокстағы мансабында Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының және Азия ойындарының жүлдегері болған.

Фото: gov.kz және Қанат Исламның Instagram парақшасынан

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…