Categories Жайық news

Луврды дүрліктірген дау: Музей директоры қызметінен кетуге мәжбүр болды

Париждегі әйгілі Лувр музейінің директоры Лоранс де Кар ірі тонау мен қызметкерлерге тағылған алаяқтық айыптарынан кейін отставкаға кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оның қызметтен босату туралы өтінішін Франция президенті Эммануэль Макрон қабылдады. Бұл туралы Елисей сарайының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы оның өтінішін қабылдап, әлемдегі ең ірі музей қауіпсіздік пен жаңғырту саласындағы ауқымды жобаларды, сондай-ақ «Лувр – Жаңа өрлеу» бағдарламасын іске асыру үшін тыныштық пен тың серпінді қажет ететін сәтте жасалған жауапты қадам ретінде бағалады», – делінген ресми хабарламада.

France info басылымының жазуынша, Лоранс де Кар өткен жылы орын алған ірі тонаудан кейін де отставкаға кетуге тырысқан. Алайда сол кездегі Мәдениет министрі Рашида Дати оның өтінішін қабылдамай, қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырған.

Тексеріс қорытындысы музейдің қауіпсіздік жүйесінде елеулі кемшіліктер барын анықтады. Осыдан кейін басшылық шұғыл қауіпсіздік шараларын қабылдауға мәжбүр болған еді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Топ-5 главных торговых партнеров Казахстана По итогам января-апреля 2026 года

внешнеторговый оборот Казахстана достиг 44,9 млрд $, увеличившись на 7,9% в номинальном выражении по сравнению…

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…