Categories Жайық news

The Washington Post: АҚШ-тың бұл әрекеті әскери қылмысқа жатуы мүмкін

The Washington Post басылымы АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Тынық мұхитында есірткі тасыды деген күдікпен кемеге шабуылдау үшін азаматтық ұшақ кейпіндегі әскери техниканы пайдаланғанын хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Басылымның дереккөздерінің ақпараты бойынша, ұшақтың сыртында ешқандай қару болмаған, яғни зымырандар қанатының астында емес, фюзеляждың ішінде жасырылған. Ол әскери ұшақ ретінде радиосигналдар таратқанымен, кемедегі адамдарда мұндай сигналды қабылдайтын жабдық болмаса, оның әскери техника екенін білуі мүмкін емес еді.

Сол соққы салдарынан 11 адам қаза тапқан. Олардың екеуі алғашқы шабуылдан аман қалып, кейін суда кеме сынықтарына жармасып жатқанда екінші соққыдан мерт болған. Жалпы АҚШ осындай 30-дан астам шабуыл жасап, нәтижесінде 100-ге жуық адам көз жұмған.

Бұл оқиға Пентагонда әскери ұшақтың мәртебесін жасыру халықаралық құқықты бұзу болып санала ма деген қызу пікірталас тудырған.

«Мұндай жасырынуды өзін-өзі қорғау үшін қолдану әскери қылмыс болып саналмайды, бірақ шабуыл жасау үшін пайдалану – заң бұзушылық», – деп келтіреді басылым Пентагонмен жұмыс істеген бұрынғы әскери заңгердің сөзін.

Ақ үй бұл жарияланымға қатысты әзірге түсініктеме бермеді.

Ұқсас жазбалар

Құрылтай, вице-президент: Аймағамбетов жаңа реформалардың астарында не жатқанын түсіндірді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Парламентті Құрылтайға біріктіру, вице-президент институтын енгізу сияқты реформалардың мақсатын түсіндірді.

Judge signing documents at desk with focus on gavel, representing law and justice.

ArtSport ісі: Кәсіпкер мүгедек балаларды «оқытып», 1,4 млн теңге алған

Көкшетауда ArtSport бағдарламасы арқылы 1,4 млн теңге жымқырған кәсіпкерге сот үкімі шықты. Ол сабақ өткізбей,…

Damaged car after an accident on a dirt road in Welwyn Garden City, UK.

Жаңаөзендегі қайғылы оқиға: Өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан 10 жасар бала мерт болды

Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Он адам ауруханаға…