Categories Саясат

Энергетикадағы тариф пен кадр тапшылығы: «AMANAT» өз ұсынысын айтты

Астанада «AMANAT» партиясының Кәсіпкерлер қанаты энергетиктермен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Бас қосуда тариф саясатын жетілдіру, кадр тапшылығы және желілердің тозуы сынды күрделі сұрақтар көтерілді.

Партия өкілдері энергия тарифтерін тұрақтандыру үшін нақты тетіктер әзірлеу қажеттігін айтады. Сондай-ақ салада білікті мамандардың жетіспейтіні, жастардың энергетикаға келмейтіні атап өтілді.

«Біз тарифтің негізсіз өсуіне жол бермейтін, әрі инвестиция тартуға мүмкіндік беретін теңгерімді шешім ұсынуымыз керек. Кадр мәселесін шешу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істеу қажет», — деді Кәсіпкерлер қанатының төрағасы Тимур Нұғыманов.

Жиын қорытындысы бойынша партия энергетика саласын дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар пакетін әзірлеп, оны үкіметке жолдамақ.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аятолла Хаменеймен қоштасу рәсіміне қатысты

ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеймен қоштасуға арналған…

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті

Қоғамдық келісімді нығайту және конституциялық реформаларды ілгерілету бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында үкіметтік емес…

Ермек Көшербаев Иран көшбасшысымен қоштасу рәсіміне қатысты

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеймен қоштасу рәсіміне қатысты.