Ауа райы құбылмалы: 2-4 мамырда найзағай мен үсік күтіледі

2-4 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктер найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын, кей жерлерде тіпті үсік болуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елдің солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік өңірлерде күндіз 20-25 градус жылы болады, бірақ найзағай мен қатты жел соғады.

«Алдағы екі күнде ауа райы тұрақсыз. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді. Жүргізушілер мен шаруалар сақ болуы керек», — дейді Қазгидромет мамандары.

Батыс Қазақстан облысында да жаңбыр күтіледі. Оралда 2 мамырда күндіз 10-15 градус жылы, түнде 3-8 градус. 3-4 мамырда жауын-шашын азаяды, бірақ жел күшейеді.

Ұқсас жазбалар

Voenmart: әскерилер азық-түлік пен тауарларға онлайн тапсырыс бере алады

Қазақстан Қарулы күштерінде мерзімді қызметтегі сарбаздарды сауда-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге арналған Voenmart пилоттық жобасы енгізіліп…

Астанада 85 жылдағы ең ыстық күн тіркелді

23 маусымда Астанада ауа температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, соңғы 85 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке…

Астанада екі лифтіні бүлдірген ер адам ұсталды

Астанада полиция тұрғын үй кешендерінің бірінде екі лифтіні бүлдірген 34 жастағы ер адамды ұстады. Оқиға…