Categories Қаржы

Премьер-министр мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды талқылады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өнімдері нарығындағы ахуалды талқылау үшін жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдарының қатысуымен кеңес өткізді. Кездесуде сыртқы факторлардың ықпалы да ескерілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары қалыпты жұмыс істеп, ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етуде. Бензин, дизель және авиациялық отын қоры 1 млн тоннадан асып, қазіргі сұранысты жабуға жетеді.

Отын алдымен жанармай құю бекеттеріне, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне және отандық әуе тасымалдаушыларға жеткізіледі. Қазір жанармай тапшылығы байқалмайды. Өндіріс, тасымал және қор көлемі тұрақты бақылауда.

Заңсыз жанармай шығарудың алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінді. Қолданыстағы тәртіп бойынша, кейбір мұнай өнімдерін автокөлік және теміржол арқылы шетелге шығаруға тыйым салынған. Сондай-ақ шекарадан автокөліктің күніне бір реттен артық өтуіне шектеу енгізілген.

Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі және Шекара қызметі өкілдері де есеп берді. Кеңес қорытындысы бойынша Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтуді және ел ішіндегі жанармай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Қытай терең өңдеу жобаларын талқылады

Үрімшіде өткен кездесуде Қазақстан мен Қытай көмір химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және ветеринария…

Ұялы байланысқа қатысты жаңа ережелер 28 маусымнан күшіне енеді

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңа ережелер 28…

«Отбасы банк» 283 мыңнан астам жас азаматтың баспаналы болуына көмектесті

«Отбасы банк» жұмыс істеген кезеңде 35 жасқа дейінгі 283 мыңнан астам жас азамат баспаналы болды.…