Categories Жайық news

Ажайық ауданы Базаршолан ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Ақжайық ауданының Базаршолан ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылып, жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтер қолжетімді бола түсті.
Айта кету керек, фельдшерлік-акушерлік нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды.
Сондай-ақ, өңірде прокуратура органдарымен қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан 23 әлеуметтік нысанның 4-і Ақжайық ауданында: Көнеккеткен, Алмалы, Базаршолан, Жаңабұлақ ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункт пен дәрігерлік амбулатория нысандары.
Ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынасары Асылбек Каналиев, аудан әкімі Мұрат Сердалин, облыстық мәслихат депутаты Ақылбек Сағитов, «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Артур Ермұханов, мердігер мекеме және ауыл тұрғындары қатысты.
 Медициналық мекемеде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға үшін қажеттінің бәрі бар, құрал-жабдықтармен қамтылған. Базаршолан фельдшерлік акушерлік пункт ғимараты бір қабаттан тұрады.
Ғимаратта қабылдау бөлмесі, алдын-ала қабылдау бөлмесі, күндізгі қабылдау бөлмесі, емдеу бөлмесі, вакцинация кабинеті, туберкулезге қарсы кабинет, жеке қорғаныс құралдарын ауыстыруға арналған бөлмелер, изоляциялық палата, акушер кабинеті орналасқан.
 Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме — «Жиенбай» ЖШС. Медициналық нысанның құрылысынан басқа, мердігер ғимараттың аумағын абаттандырып, қоршаулар орнатты.
Ақжайық ауданы әкімдігі

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…