Categories Жайық news

Ұлттық банк валюта операциялары ережесін өзгертті: Қазақстандықтар нені білуі керек?

Қазақстанның Ұлттық банкі елдегі валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер енгізгенімен, тұжырымдамалық түзетулердің жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа ережелер қаржы нарығын реттеу және дамыту туралы заңды іске асыру аясында қабылданған. Алайда, бұл өзгерістер бұрынғы тәртіпті түбегейлі өзгертпейді.

Ведомство өкілдері валюта операцияларын жүргізу және оған мониторинг жасау тәртібі, соның ішінде есепке алынатын шекті сомалардың бұрынғы деңгейде қалғанын атап өтті. Мысалы, есепке алу үшін шекті сомалар жеке тұлғалар үшін 10 мың АҚШ доллары, ал заңды тұлғалар үшін 50 мың АҚШ доллары болып сақталды.

Яғни, қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және сату тәртібі өзгеріссіз қалады. Бұл процесс бұрынғыдай Ұлттық банк басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы №40 қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес реттеледі.

Сонымен қатар, жаңа ережелер резидент-заңды тұлғалардың халықаралық қаржы ұйымдарында ашқан шоттарына мониторинг жасау тәртібін нақтылайды және валюта операциялары бойынша есеп беру формаларын оңтайландыруды көздейді.

Екінші деңгейлі банктер үшін ұсынылатын деректер тізбесі бойынша есеп беру тәртібі де өзгеріссіз қалды. Дегенмен, заңды тұлғалардың ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуының шекті сомаларын бекітудің тиімді тетігі енгізілді. Енді бұл шекті сома Ұлттық банк басқармасының жеке қаулысымен бекітіледі. Бұл оны нарық жағдайына жедел бейімдеуге мүмкіндік береді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…