Тарихи нысанды бүлдіргендерге қылмыстық іс қозғалады: ІІМ ескертеді

Соңғы кездері әлеуметтік желіде «хайп» үшін табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру белең алып отыр. Ішкі істер министрлігі мұндай әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл – тек әкімшілік емес, ауыр қылмыс санатына жатады. Кінәлілерге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылуы мүмкін.

«Табиғат пен тарихқа тиісу – заңсыз. Ойыншық емес. Әрбір бүлдіру – елдің мұрасына қол сұғу», – дейді ІІМ өкілі.

Әсіресе Орал өңіріндегі Жайық жағалауы мен тарихи ескерткіштер жиі нысанаға ілігеді. Мамандар мұнымен күресу үшін заңнаманы қатаңдатуды ұсынып отыр.

Ұқсас жазбалар

Алдағы күндері Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазгидромет 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде…

Алматыда күдікті адамды тұрғындар ұстап, полицияға тапсырды

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған…

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік. Жылдың алғашқы тоқсанында 352,2…