Categories Қаржы

Су саласына қызығушылық артып келеді: тәжірибеден өткен студенттер саны өсті

Сурет: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігінің орталық аппараты мен «Қазсушар» РМК филиалдарында 648 студент өндірістік тәжірибеден өтеді. Оның 216-сы тәжірибені аяқтаса, 394 студент қазір өтіп жатыр. Тағы 38 студент жыл соңына дейін тәжірибеден өтеді деп күтілуде. Осылайша, су шаруашылығы саласында тәжірибеден өтетін студенттер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылы 339 студент тәжірибеден өткен болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 82 адамды құраған. Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов облыстағы «Қазсушар» филиалында тәжірибеден өтіп жатқан Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті студенттерімен кездесті. Биыл осы филиалда 215 студент тәжірибеден өтуде. Кездесуде студенттер министрге оқу үдерісі туралы айтып, өңірдегі су шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысқаннан кейінгі әсерлерімен бөлісті.

— Бүгінде «Қазсушардың» филиалдары еліміздің барлық өңірінде бар. Сондықтан су шаруашылығы мамандығында оқитын студенттер өндірістік тәжірибеден міндетті түрде осы филиалдарда өтуі тиіс. Аудиторияларда сіздер теорияны меңгересіздер, ал мұнда шаруа қожалықтарының сумен қалай қамтамасыз етілетінін өз көздеріңізбен көресіздер. Сонымен қатар министрлігіміз су саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларын енгізіп келеді. Соңғы 2,5 жылда «Қазсушар» қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен екі есеге көтердік. «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға төмен пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие қарастырылған. Былтыр «Қазсушарға» 48 түлек жұмысқа қабылданды. Бірнеше жылдан кейін сіздер де еңбек жолдарыңызды бастай аласыздар. Мемлекет басшысы жастардың Қазақстанның болашағы екенін үнемі атап өтеді. Біздің барлық жұмысымыз алдағы жылдары су саласын сіздердің алға жетелеулеріңізге жағдай жасауға бағытталған,— деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.