Categories Қаржы

Астанада әлемдік қаржы алыптары бас қосты: Берн одағының көктемгі отырысы басталды

Астанада экспорт несиелері мен инвестицияларды сақтандырушылардың ең ірі халықаралық бірлестігі – Берн одағының көктемгі отырысы басталды. Бұл – Орталық Азияда алғаш рет өтіп жатқан дүниежүзілік деңгейдегі қаржы жиыны.

Жиынға әлемнің 40-тан астам елінен 200-ге жуық делегат қатысып жатыр. Олардың арасында ірі сақтандыру компанияларының басшылары, экспорттық агенттіктердің өкілдері және халықаралық қаржы ұйымдарының сарапшылары бар.

«Біз үшін бұл – үлкен мәртебе. Қазақстан Орталық Азиядағы қаржы хабына айналып келеді. Берн одағының отырысын өткізу – соның айқын дәлелі», – деді Қазақстанның экспорттық сақтандыру компаниясының бас директоры.

Отырыс барысында экспорттық несиелеу мен инвестициялық сақтандырудың жаңа тетіктері, климаттық өзгерістерге бейімделу және цифрлық трансформация мәселелері талқылануда. Қазақстандық тарап өз тәжірибесімен бөлісіп, шетелдік әріптестерге инвестициялық ахуалды таныстырды.

Берн одағына әлемнің 80-нен астам елінің сақтандыру ұйымдары кіреді. Олардың үлесіне жаһандық экспорттық несиелердің 90 пайызы тиесілі. Астанадағы кездесу осы саладағы серіктестікті нығайтуға ықпал етпек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

ҰБТ-ны алмастыратын AIT емтиханының моделі әзірленуде

Астанада ETS халықаралық ұйымының өкілдері AIT жаңа қабылдау емтиханының моделін әзірлеуге арналған зерттеу нәтижелерін таныстырды.

Ормұз бұғазындағы қауіп мұнай бағасын көтерді

Мұнай бағасы қайта өсе бастады. Бұған Ормұз бұғазындағы кеме қатынасына төнген жаңа қауіптер себеп болды.

Қытайда шығарылған Toyota Corolla Қазақстан нарығына келді

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие Toyota маркасының Қытайда құрастырылған Corolla 1.8 Hybrid моделі сатылымға шықты.