Categories Жайық news

Шыңғырлаулық Қалима әже 102-ге келді

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дейді қазақ. Сондай қазына қарияларымыздың бірі шыңғырлаулық Қалима Есенаманқызы Жұмабаева әжеміз бүгін 102 жасқа толған екен.

Аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы «Жасы үлкеннің сөзі – ақылдың көзі» деген ұстаныммен мерейтой иесінің шаңырағына арнайы барып құттықтап, әңгімесін тыңдап, батасын алып қайтыпты.

Табылған құрмет төрінен, жүрегі жылы, қолы кең, ел ішінде Қалаш ана атанған Қалима Есенаманқызы 1924 жылдың 12 қаңтарында осы ауданның Қызылкөл ауылында өмір есігін ашқан. Қатарластарымен бірге ауыл шаруашылығына ерте араласқан. Сол кездегі жұмысшы мамандарды даярлайтын мықты оқу орны ФЗУ-дың (фабрика-зауыт училищесі) бухгалтерлік курсын тәмамдаған соң түрлі салада тер төккен. Аудандық АХАЖ (ЗАГС) бөлімінде 11 жыл еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан.

Қалима әже Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті жақындатуға қосқан тылдағы жанқиярлық жұмысы үшін «Жеңіске 50,60,65,70,75 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған. 1978 жылдан «Еңбек ардагері» медальінің, «Батыс Қазақстан облысының құрметті ардагері» төсбелгісінің иегері. Одан бөлек көптеген грамоталармен,  аудан, облыс әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Жұбайы Жандәулет Жұмабаевпен бірге 1 қыз, 4 ұл тәрбиелеп өсірген ардақты ана бүгінде олардан тараған 11 немере, 21 шөбере 2 шөпшектің сүйікті әжесі. Құдай берген саулықтың арқасында әжеміз тың, жады мықты, жер-жаһанның жаңалығына, соның ішінде ауданның, облыстың өміріндегі айта қалар оқиғаларға құлағы түрік.

Аудан басшысымен жылышырайлы кездесуде Қалима әже ең үлкен тілегі — елдің тыныштығы, халықтың амандығы екенін баса айтты. Біз де өз тарапымыздан ғасыр жасаған қарияға мықты денсаулық тіледік. Ғасыр асқан кейуананың өнегелі ғұмыры жас ұрпаққа жұғысты болғай.

Ұқсас жазбалар

Топ-5 главных торговых партнеров Казахстана По итогам января-апреля 2026 года

внешнеторговый оборот Казахстана достиг 44,9 млрд $, увеличившись на 7,9% в номинальном выражении по сравнению…

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…