Астанада 20 жастағы жігіт тіс емдетіп жүріп қайтыс болды: тергеу басталды

Астанадағы жеке стоматологиялық клиникада 20 жастағы жігіт ем үстінде көз жұмды. Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер жас жігіттің өмірін сақтап қала алмады.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары клиника қызметкерлерінен жауап алып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Марқұмның туыстары клиника әкімшілігінің әрекетіне күмән келтіріп, толық тексеру жүргізуді талап етуде. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайларда анестезияға аллергиялық реакция немесе медициналық қателік себеп болуы мүмкін.

«Балам тісін емдетуге барған еді, енді ол жоқ. Біз шындықты білгіміз келеді», — дейді қайғылы оқиғадан қабырғасы қайысқан әке.

Денсаулық сақтау басқармасы да оқиғаны бақылауға алды. Клиниканың лицензиясы мен қызметкерлердің біліктілігі тексеріледі. Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалуы әбден мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Астанада мектеп бітіру кеші 18 маусымда өтеді

Астанада 18 маусымда мектеп бітіру кеші өтеді. Әкімдік қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.

Астанада ойыншық автоматпен қорқытқан қызға айыппұл салынды

Астанада аялдамада ойыншық автоматпен адамдарды қорқытқан қызға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Конституция күніне орай екі күн демалыс беру мәселесі қарастырылуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Конституция күніне байланысты демалыс күндерінің санын көбейту…