Президент Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсім барысында Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Президенттің айтуынша, қазақстандықтар Пашинянды Арменияның дамуына жаңа серпін беріп, мемлекеттік басқарудың барлық бағыты бойынша реформаларды ілгерілеткен жалпыұлттық көшбасшы ретінде таниды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда қазақ-армян қатынастары стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтті.

Сурет: Ақорда

Ұқсас жазбалар

Астанадағы көпқабатты үйдегі спа-салонда өрт болды

Астанада 12 қабатты тұрғын үйде орналасқан спа-орталықта өрт шықты. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды уақытында ауыздықтады.

Қазақстанда кісі өлімі қылмысы 9 пайызға азайды

Алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тіркелген қылмыстар саны 10 пайызға кеміген. Кісі өліміне қатысты қылмыс…

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кейбір аймақтарда қатты жел соғып,…