Categories Жайық news

Қызылша деп ойлаған: Түркістанда 8 айлық сәбидің денесінен ине шықты

Түркістанда дәрігерлер 8 айлық нәрестенің денесінен ине алып шықты, бастапқыда бала қызылша жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сәбидің дене қызуы көтеріліп, қатты мазасызданған соң, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер алғашқыда оны қызылша деп болжаған.

Алайда рентгенге түсірген кезде сәбидің құрсақ қуысында бөгде зат бары анықталды. Бұл – кәдімгі тігін инесі болып шықты. Тексеріс барысында ине жұтылмағаны, оның сырттан бауыр тұсына кіргені белгілі болды.

Хирургтар дереу шұғыл ота жасап, инені сәтті алып шықты. Қазір нәрестенің жағдайы жақсы, денсаулығы қалпына келіп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…