Атырауда салынып жатқан мектептің шатыры құлап түсті

Атырауда салынып жатқан мектептің шатыры құлап түсті

Атырау облысы Құлсары қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан жаңа білім ордасында төтенше жағдай болды. 1200 орынға арналған мектеп ғимаратының спорт залының төбесі құлап түскен.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, құрылыс материалдарын сақтау талаптары сақталмаған. Ауыр салмақтағы, яғни 6 тоннадан асатын шатыр материалдары спорт залының шағын бөлігіне қойылған. Соның салдарынан нысан конструкциясы шыдас бермей, шатыр опырылып түскен.

Мектеп құрылысын жүргізіп жатқан мердігер — «Turan Ascent» ЖШС. Компания ғимаратты 2025 жылдың соңына дейін толық аяқтауы тиіс болған. Қазіргі таңда жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылып, оқиғаның нақты себептері анықталуда.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Ұқсас жазбалар

АҚШ-та парашютшілері бар ұшақ апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты

АҚШ-тың Миссури штатында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, ондағы 12 адамның барлығы қаза тапты.

Бразилияда екі тікұшақ әуеде соқтығысып, алты адам қаза тапты

Бразилияда екі тікұшақ әуеде соқтығысып, алты адам қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында музыкалық продюсер, бейнережиссер,…

15 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктері 15 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және қатты ыстық күтілетінін…