Categories Қоғам

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате табылды

Сурет: istockphoto.com

Қазақстан мектептерінде бірқатар оқулық жаңартылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы оқулықтардан 700-ден астам түрлі сипаттағы қателер мен ескертпелер анықталған. Анықталған кемшіліктер қатарында техникалық және стильдік қателер, деректік дәлсіздіктер, мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрациялар, оқу бағдарламасына үйлеспейтін материалдар, сондай-ақ ескірген әдіс-тәсілдер мен тұжырымдамалар бар.

Бұдан бөлек, ұлттық мазмұнға бейімделмеген материалдардың пайдаланылуы, математика пәніндегі қате анықтамалар мен тарихи оқиғаларға қатысты жаңсақ пікірлер мамандардың алаңдаушылығын тудырған.

Министрдің мәліметінше, кейбір оқулықтар белгіленген мерзімде жаңартылмай, тоғыз жылға дейін мазмұндық өзгеріссіз қолданылған.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартуды жоспарлап отыр. Жоспарға сәйкес, 2026 жылғы 30 тамызға дейін 3 және 7-сыныптардың, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 4 және 9-сыныптардың, ал 2027 жылғы 1 сәуірге дейін 8-сыныптың оқулықтары жаңартылады, — деді Аида Балаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елімізде мектеп оқулықтарын жаңарту жұмысы жүйелі түрде жалғасатынын айтқан болатын.

Ұқсас жазбалар

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…