Астанада Әлем ғалымдары Алтын Орда мұрасы жайлы қарар қабылдады

19–20 мамырда Астанада халықаралық симпозиум өтті. Ғалымдар Алтын Орданы дала өркениетінің үлгісі ретінде қарастырып, бірауыздан қарар қабылдады.

Жиынға әлемнің 10 елінен 50-ден астам ғалым қатысты. Олар Алтын Орданың тарихы, археологиясы, мәдениеті мен бірегейлігі туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Симпозиум қорытындысы бойынша қатысушылар Алтын Орданың әлемдік тарихтағы орнын тану және оны зерттеуді жалғастыру туралы резолюция қабылдады. Құжатта дала өркениетінің Еуразия халықтарына тигізген ықпалы атап өтілген.

«Алтын Орда – тек көшпенділер мемлекеті емес, ол өзіндік басқару жүйесі, мәдениеті және сауда жолдары арқылы өркениеттерді байланыстырған ірі империя», – деді симпозиум ұйымдастырушысы, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сәрсенбаев.

Ғалымдар Алтын Орда мұрасын мектеп бағдарламасына енгізу және оны ЮНЕСКО тізіміне ұсыну мәселесін де талқылады. Келесі симпозиумды 2026 жылы Өзбекстанда өткізу жоспарланып отыр.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.