Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады: «Біздің парызымыз – ата-баба ерлігін ұлықтау»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай қазақстандықтарға арнаған құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызын ерекше атап, соғыс ардагерлеріне алғыс білдірді. «Біздің ата-бабаларымыз фашизмге қарсы күресте ерен ерлік көрсетті. Олардың рухы әрқашан бізбен бірге», – деді Тоқаев.

«Жеңіс күні – біздің ортақ қуанышымыз әрі мақтанышымыз. Бұл – ерлік пен табандылықтың символы. Біздің парызымыз – ата-баба ерлігін ұлықтап, болашақ ұрпаққа жеткізу», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент соғыс жылдарында қазақстандықтардың майданда да, тылда да ерен еңбек еткенін еске салды. Ол бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмірді бағалауы керектігін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…