Categories Жайық news

Атырау тұрғындарын дүрліктірген ресейлік жойғыш ұшақ оқу-жаттығуға қатысқан болып шықты

Атырау әуежайына жоспардан тыс қонған ресейлік жойғыш ұшақ қала тұрғындары арасында алаңдаушылық тудырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Кеше әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Атырау халықаралық әуежайына Ресейдің жойғыш ұшағы қонғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл жағдайға қатысты түнде Қазақстан Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме берді.

Ведомствоның хабарлауынша, 20 ақпаннан бастап екі елдің Әуе қорғанысы күштері бірлескен жаттығу өткізіп жатыр. Оның аясында әуе нысаналарын анықтау, сүйемелдеу, әуе кеңістігін бұзушыны ұстау және оны мәжбүрлеп қондыру сияқты тапсырмалар пысықталуда.

«Оқу-жаттығудың негізгі міндеттерінің бірі — әуе кеңістігін бұзушыны ұстау және оны мәжбүрлеп қондыру. Ресей Федерациясының әуе кемесі Атырау әуежайына осы тапсырманы пысықтау аясында қондырылды. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды алаңдамауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады», — делінген министрлік хабарламасында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам — жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды

Теректі ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы…

Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен QUIZ сайысының жеңімпаздары анықталды

Бөрлі ауданында Департамент басшысы М.Байсаловтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Ой мен білім алаңы» атты QUIZ…

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…