Categories Көңіл ашар

Астанада Халықаралық йога күні мыңдаған адамды жинады

Сурет: Астана әкімдігі

Астанадағы «Астана Арена» спорт кешенінде Халықаралық йога күніне арналған іс-шара өтті, оған мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Йога — салауатты ұзақ өмір сүру өнері» ұранымен өткен шараны Үндістанның Қазақстандағы елшілігі мен Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық (SVCC) ұйымдастырды.

Орталық директоры Налини Сингхалдың айтуынша, мұндай іс-шаралар мәдениетаралық диалогты нығайтуға көмектеседі. Ол стадионға шамамен 1500 адам келеді деп күткенін, бірақ қатысушылардың белсенділігіне риза екенін жеткізді. Сингхалдың пікірінше, бұл пандемиядан кейін адамдардың денсаулыққа көбірек көңіл бөлетінін көрсетеді.

— Біз стадионға кемінде шамамен 1500 адам келер деп күткен едік. Қараңызшы, жұрт қаншалықты белсенді қатысып жатыр. Бұл — әсіресе пандемиядан кейін адамдардың басын қосатын «адамнан адамға» қағидатының көрінісі. Қазір жұрт денсаулықты сақтауға көбірек көңіл бөліп, тек медицинаға ғана сеніп отырмайды. Йога адамға сауығуға, денсаулығын жақсартуға көмектеседі және біздің ұранымызда айтылғандай, белсенді ұзақ өмір сүруге әсер етеді, — деді ол.

Астанамен қатар Йога күні Қазақстанның 20-дан астам қаласында өтуде. Таңғы бағдарлама сағат 05:30-да басталып, 108 рет «Сурья Намаскар» жаттығуын орындауды қамтыды.

Қосшы қаласының тұрғыны Анар Жабаспаева йогамен 10 жылдық үзілістен кейін қайта айналыса бастағанын айтты. Ол йоганы ақыл мен денеге арналған жаттығу деп сипаттап, жаңадан бастаушыларға қорықпауға кеңес берді.

Мереке кезінде Лакшминараяна-2026 (LGMF) жаһандық музыкалық фестивалі өтеді. Оны әлемге әйгілі скрипкашы доктор Лакшминараяна Субраманиам негіздеген. Фестивальде үнді классикалық музыкасы, оркестрлік шығармалар және фьюжн бағытындағы әлемдік музыка орындалады. Жоба қазақстандық әртістердің қатысуымен, дирижер Абзал Мұхитдин жетекшілігімен өтеді.

Ұқсас жазбалар

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челси» сапына ауысқаннан кейін трансферлік бағасы өсті. 17 жастағы футболшының…

Перизат Қайраттың тәркіленген Mercedes-Benz көлігі аукционға қойылды

Перизат Қайраттың қылмыстық ісі бойынша тәркіленген тағы бір қымбат автокөлік сатылымға шығарылды.

Давид Лория «Жеңіс» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды

Давид Лория «Жеңіс» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды. Ол клуб түлегі және үш дүркін…