Categories Жайық news

«Назарбаев туралы фильм түсіріп біткен соң «елге қай бетіммен қараймын» деп қатты қиналдым» — Рүстем Әбдірашов

Назарбаевтың отбасылық өміріне қатысты фильмдерде кейбір шындықтардың жасырылған. Мысалы, Әбіш әкесінің екі әйел алғаны және Назарбаевтың тоқалдан туғаны туралы деректер сценарийге енгізілмеген.

Режисер Рүстем Әбдірашов Назарбаев туралы фильмдерді «Қазақфильмнің» жағдайын жақсарту үшін түсірген. Бұл туралы ол SADAQ MEDIA ютуб-арнасына берген сұқбатында айтты.

Айтуынша, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы төрт фильмнен айтарлықтай ақша да таппаған. Яғни материалдық байлықтан гөрі шығармашылық тәжірибе жинаған.

«Назарбаев туралы фильмдерден кейін «Қазақ хандығы» сияқты ауқымды жоба жүзеге асты. Ол 40-қа жуық елге таралып, араб және неміс тілдеріне дубляждалды. Нақтысын айтар болсам, бұл қадамға «Қазақфильмнің жағдайын жақсарту үшін бардым, одан кейін үлкен тәжірибе алдым», – дейді ол.

Режисер «Балалық шағымның аспаны», «Елбасы жолы», «Тығырықтан жол тапқан» және «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмдерінде сол кездегі жаңа мемлекеттің идеологиялық қажеттілігін түсініп, елдің тізгінін ұстаған көшбасшының образын сомдауға тырысқан. Алайда, фильм түсіру барысында саяси цензураның астында қалған.

«Мысалы, Назарбаевтың әкесі Әбіштің коллективизация кезінде бұқа мінген эпизоды «намысқа тиеді» деген уәжбен кесілді. Сондай-ақ, Сараны пойызға шығарып салу эпизоды да «көшбасшы қыздың артынан жүгірмеу керек» деген себеппен алынып тасталды.

«Фильм тек мадақтаумен шектеліп қалған жоқ. Мәселен, совет заманындағы айтылмаған шындықтарды (мысалы, Ақмоладағы «Изменников Родины» лагері, Долинка, диссиденттер туралы әңгімелер) көрсетуге тырыстық. Бірақ саяси интригалар мен қазіргі заманға қатысты оқиғаларды (Қонаев пен Назарбаевтың қарым-қатынасы, Желтоқсан оқиғасы) ашық көрсетуге рұқсат берілмеді», — дейді ол.

Сондай-ақ ол Назарбаевтың отбасылық өміріне қатысты фильмдерде кейбір шындықтардың жасырылғанын айтады.

Мысалы, Әбіш ақсақалдың екі әйел алғаны және Нұрсұлтанның тоқалдан туғаны туралы деректер сценарийге енгізілмеген.

«Бірінші әйелі бала көтермеген, екінші әйелі бала туған, бірақ бәйбішесі оны бауырына басқан. Бірақ мұны фильмге сыйғызу мүмкін болмады», – дейді ол. Ақыры фильмнің саяси бағыты өзгеріп, тарихи шындықтарды көрсету мүмкіндігі азайған соң режисер фильмдердің жалғасын түсіруден бас тартқан.

Сұқбатта режисер Назарбаевтың авторитарлық режим құрғанына, халықтың бақытын ұрлағанын айтқан. Жақсы атпен кетпегеніне тоқталады. Әрі өзінің сол дәуірді асыра суреттеп, авторитарлық режимнің пропагандасын жасағанына өкінетінін жасырмайды.

Ұқсас жазбалар

Ақтаулық Меруерт Бижанова Оксфорд университетінің оқытушысы атанды

Ақтаулық НЗМ түлегі Меруерт Бижанова Оксфорд университетінде оқытушы-ғалым ретінде жұмысын бастайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рождество мерекесімен құттықтады

Президент Тоқаев христиан қауымын Рождество мерекесімен құттықтап, қоғамдағы келісім мен бірліктің маңызын атап өтті.

Қазақстанда фискалдық чектерге кешбэк төлеу жобасы тағы бір жылға ұзартылды

Қазақстанда фискалдық чектер арқылы 2% кешбэк беретін "Salyq кешбэк" жобасы 2025 жылға дейін жалғасады.