Президент: Әкімшілік әділет жүйесі іске қосылған соң жағдай түбегейлі өзгерді

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде әкімшілік әділет жүйесі іске қосылғаннан кейін азаматтардың мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдануы жеңілдегенін атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, бұрын азаматтар үшін өз құқығын қорғау оңай болмайтын. Енді күмән тудыратын мәселелердің бәрі әділетті түрде адал азаматтардың пайдасына шешілетін болды. Соттар дәлелдеме жинау жұмысына ерекше мән бере бастады, бұл мемлекеттік органдардың өз шешімдері мен әрекеттерін заң жүзінде дәлелдеуге міндетті екенін білдіреді.

Статистикаға сәйкес, соңғы жылдары сот шешімдерінің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің мүддесіне сай шығарылған. Бұл әкімшілік әділет жүйесінің нақты нәтижесі. Осылайша, қоғам «судьялар әрдайым билік өкілдерін жақтайды» деген қасаң пікірден арыла бастады.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.