Categories Жайық news

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді: Дүмпу Ауғанстаннан жеткен

Бүгін кешке Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер дүмпуі сезілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін Астана уақытымен 21:13-те тіркеді. Жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған.

Жер сілкінісі Шымкент қаласында, сондай-ақ Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекенінде сезілген. Тұрғындар сезінген дүмпу күші 2 баллды құрады.

Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…