«Сүйікті қалам – Атырау»: қала күніне арналған гала-концертке 10 мыңға жуық тұрғын қатысты

Атырауда қала күні мерекесіне орай өткен «Сүйікті қалам – Атырау» атты гала-концертке 10 мыңға жуық тұрғын жиналды.

Мерекелік шараның шымылдығы қала әкімі Шәкір Кейкиннің құттықтау сөзімен ашылды. Ол қала тұрғындарына ізгі тілегін білдіріп, Атыраудың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс айтты.

Кеш барысында еліміздің эстрада жұлдыздары Балжан Бидаш, Қазыбек Құрайыш, Тұрар Ыдырыс және жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.

Гала-концерттің соңы Атырау аспанын жарыққа бөлеген отшашумен қорытындыланды.

Ұқсас жазбалар

Африкада Эбола қайта өршіді: 88 адам көз жұмды

Африкада Эбола індеті қайта өршіп, 88 адам қаза тапты. ДДҰ вакцинацияны күшейтуде.

АҚШ-та әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып кетті

АҚШ-тың Айдахо штатындағы әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қалай болады: ыстық пен жаңбыр күтіледі

18 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда ауа температурасы…