Тоқаев Қырғызстанда «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешенін зиярат етті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапарын «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барудан бастады.

Бұл жерде қырғыз халқының әр дәуірде Отанына адал қызмет еткен даңқты тұлғалары мен сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.

Мемлекет басшысы мемориал аумағындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс (үркіншілік) құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 8 маусымда ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Еліміздің басым бөлігінде найзағай, бұршақ,…

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды

32 жастағы ер адамның денесі жалға берілетін уақытша баспанадан табылды. Полиция марқұмның танысын анықтап, оны…

Астанада екі шаруашылық құрылысы өртенді

Астанада Байқоңыр ауданында екі шаруашылық құрылысы өртенді. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп, зардап шеккендер жоқ.