Categories Жайық news

Ирандағы қанды қырғын: Наразылықта 20 мыңға жуық адам қаза тапқан болуы мүмкін

Ирандағы жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқандар саны бұрын хабарланғаннан әлдеқайда көп болып, 20 мыңға жетуі мүмкін. Америкалық CBS News телеарнасы осындай шошытарлық дерек таратты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Телеарнаның өз дереккөздеріне сүйеніп таратқан мәліметінше, екі аптадан астам уақытқа созылған үкіметке қарсы шерулерді басу кезінде кемінде 12 мың адам мерт болған. Алайда, құрбандардың нақты саны 20 мың адамға дейін жетуі ықтимал.

Бұл ақпарат Иран билігі мен қауіпсіздік күштерінің қаншалықты қатыгез әрекетке барғанын көрсетеді. CBS News атап өткендей, шетелдегі белсенділер таратқан алғашқы мәліметтермен салыстырғанда, биліктің жүргізген репрессиясы әлдеқайда ауқымды және қанды болған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…