Астана мен Алматыда 16 мамырда ауа райы қандай болады: болжам

«Қазгидромет» мамандары 16 мамырда еліміздің ірі қалаларында ауа райының қандай болатынын айтты. Астана мен Алматыда күн ашық, жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада түнгі уақытта +6…+8 градус, ал күндіз +20…+22 градус жылы болады. Жел секундына 9-14 метр, бағыты оңтүстік-батыстан соғады.

Алматыда түнде +11…+13 градус, күндіз +22…+24 градусқа дейін көтеріледі. Жел бағыты солтүстік-шығыстан, жылдамдығы секундына 5-10 метр.

Шымкентте де күн жылы: түнде +12…+14 градус, күндіз +26…+28 градус. Жаңбыр жаумайды, жел әлсіз.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты…

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.