Categories Жайық news

Дональд Трамп: Мен НАТО-ға мүше елдерден жүздеген миллиард доллар өндіріп алдым

АҚШ президенті Дональд Трамп өз әкімшілігінің тұсында НАТО-ға мүше елдерді альянс бюджетіне ақша төлеуге мәжбүрлегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, ол билікке келгенге дейін НАТО банкротқа ұшыраудың аз-ақ алдында тұрған. Трамп бұл мәліметті альянстың Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің өзі растағанын атап өтті.

«Мен келгенге дейін НАТО-ның жағдайы мүшкіл еді. Одақтастар өз міндеттемелерін орындамай, төлем жасамады. Мен олардан жүздеген миллиард доллар өндіріп алдым. Мұны Бас хатшы Столтенбергтің өзі растайды. Ол маған: «Сіз НАТО-ны құтқарып қалдыңыз» деді», – деді Трамп.

Сондай-ақ ол АҚШ-тың Еуропаны қорғауға үлкен қаражат жұмсап келгенін, ал өзінің арқасында бұл жағдай өзгергенін жеткізді. Трамптың пікірінше, егер ол президент болып қалғанда, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс ешқашан болмас еді, себебі ол НАТО-ны айтарлықтай күшейткен.

Сонымен қатар ол қазіргі АҚШ билігін Украинаға тым көп қару-жарақ беріп жатыр деп сынады. «Біздің оқ-дәріміз бар еді. Бірақ қазір оның бәрін Украинаға беріп жатырмыз, ал өзімізде ештеңе қалмады», – деп қосты саясаткер.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…