Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 12%-ға өсті

Сурет:gov.kz

2025 жылы Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласы тұрақты дамып, өнім өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артты. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің хабарлауынша, саланың дамуы экономиканың шикізатқа тәуелділігін азайтуға және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған. Отандық мұнай-газ химиясы терең өңделген полипропилен, бензол және параксилол сияқты өнімдерді тұрақты түрде сыртқы нарықтарға жеткізу арқылы ел экономикасына қосымша құн енгізуде.

Саланың стратегиялық дамуы ірі өндірістік жобалармен тығыз байланысты. Атырау облысында полиэтилен зауытының болашақ пиролиз қондырғысының құрылысы 30%-дан астамға орындалған. Павлодарда алкилат шығаратын зауыттың құрылыс жұмыстары басталды. Мұндай жобалар Қазақстанның мұнай-газ химиясы секторын әлемдік стандартқа сәйкестендіруге және шикізат емес экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жазбалар

Елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде 14 адам құтқарылды

Елордадағы тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде 14 адам құтқарылды, оның ішінде 5…

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді. Тозу деңгейі 61 пайыздан асатын үйлер жөнделмейді.

Астанада полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарды

Астанада учаскелік полиция инспекторы Рахметолла Нұрымов 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды.