Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысып, Белгісіз жауынгер бейітіне гүл қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери шеруге қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы шеру аяқталған соң Александр бағына барып, Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қойды. Бұл – соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алудың символы.

Президент бейіт жанындағы Мәңгілік алауға да гүл қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Рәсімге Ресей президенті Владимир Путин де қатысты.

Ұқсас жазбалар

Президент журналистерді ағартушылық шамшырақ болуға шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттап, журналистерді ағартушылық шамшырақ болуға шақырды.

Елімізде автомектептердің жұмысы қатаң бақылауға алынады

Мемлекет басшысы цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі заманауи технологияларды реттеуге қатысты заңға…

Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның көп жерінде ауа райы тұрақсыз болады.