Categories Жайық news

Қазақстанда тұрғын үй нарығы тоқырауға ұшырады: Сатылым бір айда екі есеге жуық азайды

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы сатылым көлемі бір айда 47,8 пайызға дейін күрт төмендеп кетті. Бұл 2024 жылдың қаңтарындағы көрсеткіш, ал 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда елде жасалған мәмілелер саны екі есеге жуық азайған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар айында елімізде 27 745 тұрғын үй сатылған. Оның ішінде 21 725-і – көпқабатты үйлердегі пәтерлер, ал қалған 6 020-ы – жер үй.

Бұл көрсеткіш 2023 жылдың желтоқсанымен (53 128 мәміле) салыстырғанда 47,8 пайызға аз. Дәстүрлі түрде мәмілелер саны бойынша Астана (5 375) мен Алматы (5 191) қалалары көш бастап тұр. Үздік үштікті Қарағанды облысы (2 241) түйіндеді.

Ал ең төменгі көрсеткіш жаңадан құрылған Ұлытау облысында тіркелді – небәрі 283 сату-сатып алу келісімшарты.

Сарапшылардың айтуынша, сатылымның айлық төмендеуі еліміздің барлық өңірінде байқалған. Әсіресе Павлодар (-68,1%), Абай (-64,0%) және Солтүстік Қазақстан (-57,3%) облыстарында құлдырау қатты болды.

Сонымен қатар былтырғы жылдың қаңтарымен салыстырғанда да сатылым 10,3 пайызға азайғаны анықталды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.