Categories Жайық news

Қазақстандық құтқарушыларға Tesla Cybertruck не үшін керек болды? Министрлік жауап берді

Төтенше жағдайлар министрлігі былтыр әлеуметтік желіде тараған ведомство логотипі бар Tesla Cybertruck көлігіне қатысты ресми түсініктеме берді. Электромобиль Алматы тауларындағы құтқару жұмыстарына пайдаланылмақ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында Қазақстан ТЖМ логотипі жапсырылған Tesla Cybertruck көлігінің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Желі қолданушылары футуристік дизайнға ие бұл көліктің құтқарушыларға қандай мақсатта қажет болғанын болжап, түрлі пікір жазған болатын.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап берген Төтенше жағдайлар министрлігі бұл қадам материалдық-техникалық базаны жаңарту және заманауи құтқару техникасының үлгілерін зерттеу аясында жасалғанын мәлімдеді.

«ТЖМ бөлімшелері үшін заманауи құтқару техникасы мен жабдықтарының үлгілерін енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаңа көлік ең алдымен Алматының таулы аймақтары мен оған іргелес жатқан аумақтарда қолданылады. Себебі құтқарушыларға ең көп шақырту дәл осы өңірлерден түседі.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл әсіресе әр минут маңызды саналатын төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету жылдамдығын арттыруға тікелей әсер етеді.

Ведомствоның ақпараты бойынша, мұндай көлік құтқару бөлімшелерін оқиға орнына жедел жеткізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерді, соның ішінде шұғыл медициналық көмекке мұқтаж туристерді эвакуациялау үшін пайдаланылады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…